Абай облысында бензин цистернасы жарыла жаздады

Абай облысында өрт сөндірушілер мен полицейлер бензин цистернасының жарылу қаупінің алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Цистернада 20 тонна жанармай болған, сондықтан оның жарылу қаупі бар екені анықталды. Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шабуылы қолданылды", - деп хабарлады полиция.

Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!