Алматыда жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті (фото)

Алматыда жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жол-көлік оқиғасы бүгін, 6 қаңтарда 01:00 шамасында Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылы және Момышұлы көшесінің қиылысында болды.

Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

"Екі көлік: BMW маркалы және жедел жәрдем көлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барып, апаттың салдарын фотоға түсіріп алды. Онда жеңіл көлікке де, жедел жәрдем көлігіне де қатты зақым келгенін көруге болады.

Куәгерлердің сөзінше, жедел жәрдем көлігінде науқас болған. Алайда полиция бұған қатысты ақпарат бермеді.

Фотолар: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Жол апаты тіркеліп, Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері осы деректі тергеуге кірісті.

Фотолар: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!