Танымал актриса күйеуінің ұлтына қатысты қауесетке нүкте қойды

Танымал актриса күйеуінің ұлтына қатысты қауесетке нүкте қойды
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал актриса Жәния Джуринская әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, өткен жыл түрлі оқиғалармен есте қалған.

"2023 жыл саяхат жылы болды. Мальдив аралдарынан бастап, Түркия, Амстердам, Грекия, Мәскеу, БАӘ елдеріне қыдырдық.  Анамызды Германияға қыдыртуға жібердік. Әкемізге көлік сыйладық. Филиппин елінен бала күтушісін жалдадық. Қазір отбасымызға үйреніп, қызыма бауыр басып алды. Онымен ағылшынша сөйлесеміз. Ең кереметі біз екінші мәрте ата-ана атанамыз",  – деп жазды ол.

Сондай-ақ Жәния Джуринская күйеуінің ұлтына қатысты сұраққа да жауап берді. 

"Күйеуімнің ұлты дүнген араласқан ұйғыр. Яғни, әкесі – ұйғыр, анасы – дүнген", - деп жауап берді актриса.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы