Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін "Атырау облысы білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі таңда аталмыш тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Атыраудың мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!