Қазақстан халқының саны қанша екені айтылды

Қазақстан халқының саны қанша екені айтылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық статистика бюросы ел халқының саны туралы деректер жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша халық саны - 20 014 575 адам, оның ішінде қала тұрғындары - 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары - 7 583 355 адам.

"2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті", - деп хабарлады бюро өкілі.

Сондай-ақ, әйелдер саны - 10 240 446, ал ерлер саны - 9 774 129.

Халықтың ең жоғары өсу қарқыны Астана қаласында байқалады, яғни 5,11 пайыз, одан кейін Алматы қаласында 2,82 пайыз және Маңғыстау облысында 2,40 пайыз ретінде тіркелген.

Айта кетейік, халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны өмірге келгені хабарланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев X-парақшасында жазды.

"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді", - деп жазды Президент. 

20 миллионыншы тұрғын атанған 5 балаға не беріледі?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова