Алматы әуежайы вице-президент Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді

Алматы әуежайы вице-президент Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді
Фото: Tengrinews.kz

БАҚ пен әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті – Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары – түрік топ-менеджері Уфук Сертті есірткі ісі бойынша ұстағаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда Алматы әуежайының баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

"Уфук Серт ұсталған жоқ. Ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметі сонымен бірге қазіргі уақытта "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ тергеу аясында уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын, тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беретінін хабарлады.

Сондай-ақ қызметтік тексеріс те жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан