"Өз үйіме көшіп келдім". Әнші Балжан Бидаш күтпеген жаңалығымен көпшілікті таңғалдырды

"Өз үйіме көшіп келдім". Әнші Балжан Бидаш күтпеген жаңалығымен көпшілікті таңғалдырды
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке қуанышты жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі жақында жаңа үйіне көшкен. Ол бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрған.

"Құрылыс тақырыбына кірмегелі біраз болыпты. Не істеп жатыр деп ойлайсыздар? Жалдамалы пәтерімді тапсырып, өзіміздің жер үйге көшіп келдім. Біраз уақыт шетелге кетем деген жоспар болып тұр, сондықтан заттарыммен түгел келдім", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы