ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды
Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат дүйсенбі күні жарияланады.

"Сондай-ақ сіздерден бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен, яғни әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымыздан және www.testcenter.kz сайтынан оқуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштер қабылдау 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталды. Өтіншті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады. Тестілеу 2024 жылғы 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан