"Шантаж бен терроризмнің құрбаны болдым". Танымал продюсер 2023 жылы қандай жағдайға тап болғанын айтты

"Шантаж бен терроризмнің құрбаны болдым". Танымал продюсер 2023 жылы қандай жағдайға тап болғанын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде былтырғы жылды қорытындылап, 2023 жылы актерлермен қарым-қатынасы қандай болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, кино әлемінде түрлі жайт болады.

"Бір қорытынды пост жазбасам болмас. Өтіп бара жатқан жыл мен үшін қаншалықты жеңісті, жемісті болса соғұрлым "әттеген-айы" көп жыл болды. Кейбір актерларым басыма мініп, секіріп, абьюзерский движение жасаған жыл болды. Киношный насилиеге ұшырадым ал. Шантаж бен терроризмнің құрбаны болдым. Бірақ мен әр қазақ әйелі сияқты дымымды шығармай шыдадым. Алдағы жылы мен көп вирустарға вакцина салдыртып алдым, имунитет қалыптастырдым, шүкір. Мені көре алмайтын, ақшамды санайтын, біздің арқамызда деп сыртымнан пышылдайтындарға да ризамын. "Осы сіз-ақ анау-мынау деп өкпелеп жүреді екенсіз" дейтін хейтерлер блокқа кетесіңдер. Менің де айтуға құқым бар! Мен де ет пен сүйектен жаралғам! Менің де жүрегім бар! Айтқым келеді бәрін!" - деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары продюсерге жаңа жылда да жетістікке жетуін тіледі.

"Халқыңның махаббатына бөлене бер, крутой жобалар әлі алда", "Біліп отырмыз кімдер пышылдап жүргенін, сіздің арқаңызда жұлдыз болғандарын ұмытпасын, дәл казір бір актрисаңыз нервқа жаман тиіп жүр бар ғой, уже тойдық соған", "Керемет жансыз. Әдемісіз. Сіздің еңбегіңіз ең керемет мақтаулар мен марапаттарға лайық! Келер жылы шығар белесіңіз биылғыдан да биік болсын!", "Ешқашан қазақша кино, сериал көрмейтін, сіздің кино сериалдарыңызды ұнатып көрдім. Өзгешесіз", - дейді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова