Миллиард адам жұқтырады: 2025 жылы жаңа вирус пайда болатыны рас па?

Миллиард адам жұқтырады: 2025 жылы жаңа вирус пайда болатыны рас па?
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде жаңа індет туралы видео таралып жатыр. 2025 жылы шығатын вирус "СПАРС" деп аталады. Видеода оны миллиард адам жұқтыратыны, басым бөлігі балалар болатыны айтылған. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Видео авторы жаңа вирус туралы айта келе, Джонс Хопкинс денсаулық орталығының ақпаратына сүйенеді. Редакция бұл жарияланымды тапты. Оның шыққанына 6 жылдан асқан. Онда 2025-2028 жылдары пайда болатын ойдан шығарылған SPARS вирусы туралы айтылады. Бұл - қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Онда дәрігерлерді жаппай эпидемияға дайындау үшін ойдан шығарылған сценарийлер жазылған. Оқу құралының негізгі мақсаты - мамандарға инфекцияның барлық ықтимал қаупі туралы жеткізу.

Сондай-ақ, видеода Дүниежүзілік банк, ДДСҰ және Ақ үй туралы айтылады. Алдағы пандемия солардың ісі делінген. Ақ үйдің де, ДДСҰ-ның да сайтында алдағы пандемияға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпарат жоқ. Дүниежүзілік банк коронавирустық инфекциямен күресуге жұмсалған қаражат туралы ғана хабарлайды. Онда "СПАРС" туралы жаңалықтар жоқ.

Осылайша, видеодағы мәлімдемелер "жаңа СПАРС вирусы»"таралатынын растамайды. Бұл оқу-жаттығулар сценарийі үшін ойдан шығарылған атау.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек