Петропавлда 28 жастағы ер адам 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен

Петропавлда 28 жастағы ер адам 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен
Фото: elements.envato.com

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Петропавл қаласының тұрғынын кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавл қаласының Полиция басқармасына сілтеме жасап.

Соталды тергеу кезінде 28 жастағы ер адам 14 жастағы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені анықталды.

Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау"). Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова