Сынық ыдыстан тамақ ішу несімен қауіпті? Дәрігер пікірі

Кейде сүйікті ыдыстың бір шеті сынып қалса, мән бермей қолдануды жалғастыра береміз. Бірақ сынық ыдысты пайдаланудың кем дегенде екі зияны бар. Қандай? Бұл сұраққа Елена Парецкая жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, сынық ыдыстан тамақтану кезінде күйіп қалу ықтималдылығы жоғары.

"Сынық ыдыс жалпы көзге сүйкімсіз көрінеді. Бұдан бөлек, жарығы бар немесе сынық ыдысқа ыстық тағам құйсаңыз, ол жарылып, қолыңыз немесе денеңіздің басқа бөлігі күйіп қалуы мүмкін", - деді ол.

Бактерияның жиналуы үшін ыңғайлы орта.

"Ыдыстың жарылған, сырылған бөлігі уақыт өткен сайын қараяды. Мұның себебі, ыдыс сынған кезде оның керамикалық бөлігінің беті ашық қалады. Керамика өте кеуекті материал, эмаль сынғаннан кейін ол сумен және ылғалмен әрекеттесіп, бактерияның жиналуы үшін ыңғайлы ортаға айналады. Ақау аймағында кір жиналып, Acinetobacter немесе Pseudomonas сияқты қауіпті бактериялар көбеюі мүмкін", - деді Елена Парецкая.

Актинобактерия патогенді микробтар тобына жатады, олар теріде, қоршаған ортада өмір сүріп, өзіне керекті масса жиналуын немесе адам иммунитеті әлсіреуін күтеді. Адам әлсіреп бастаған кезде, олар ас қорыту жолына және бүкіл ағзаға теріс әсер ететін жедел жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін.

Алайда жарығы бар, сынық ыдыстың бәрі бірдей денсаулыққа зиянын тигізбейді. Кейбір шыны, табақ, кәстрөлдердің бетіне кішкентай жарық жағу арқылы жасанды түрде кракле әдісімен эмаль жағады. Олардың шеті сынса да, керамикалық негізі сыртқы ортаға қол жетімсіз болып қала береді, сондықтан бактерия көбеймейді.

Сонымен қатар, ыдыс шыңдалған шыныдан жасалған болса, сынған бөлікте бактерия жиналмайды. 

"Бірақ, сынық ыдысты пайдаланған кезде оның кез келген уақытта сынып, жарылып қалуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Бұдан бөлек, саусақтарыңызды кесіп кетуі де мүмкін", - дейді дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін қазақ ертеде сынық ыдыстармен не істегені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Пәтерді қай кезде сатқан тиімді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз