Жемқорлардан тәркіленген ақшаға қанша мектеп салынды?

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға бір жылда қанша мектеп салынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражыға 43 мектеп салынды. Нәтижесінде елімізде үш апат жағдайындағы мектептің және 13 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді", - деп жазылған хабарламада.

Өңірлерде 54,4 мың жаңа орын пайдалануға берілді. Алматы және Түркістан облыстарында 8 мектеп, ал елордада 10 мектеп салынды.

"Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" есебінен 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысына қаржы бөлінді. Жобаларға жалпы 96 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шотына түсті", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қор ашылғаннан бері 150 миллиард теңгеден аса қаржы түскен. Ақша мектептерді, ғимараттар мен интернаттарды жаңартуға, сондай-ақ, үш ауысымды оқу, апат жағдайындағы мектептер мәселесін шешуге жұмсалды.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!