Астанада 4 тұрғын бірігіп адам ұрлаған

Астанада 4 тұрғын бірігіп адам ұрлаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада адам ұрлаған алаяқтар әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі.

"Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Адам ұрлаумен қатар, "есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз" деп бопсалаған. Сондай-ақ, 1,4 миллион теңгеден аса сома мүлкін иемденген. Топтың барлық қатысушысы сот санкциясымен қамауға алынды", - деп жазылғае ведомство хабарламасында.

Қазір олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова