"Жайықмұнай" компаниясына 2 миллиард теңге айыппұл салынды

"Жайықмұнай" компаниясына 2 миллиард теңге айыппұл салынды
Фото: tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында"Жайықмұнай" ЖШС-ы салық заңнамасының талаптарын бұзған. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Компания 38 миллиард теңгеден аса қаражатты өтелетін шығындарға негізсіз жатқызу дерегіне жол берген. Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды.

Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 миллиард теңге өндірілді.

Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 миллиард теңгеге толықтырды, сондай-ақ, "Жайықмұнай" ЖШС 38 миллиард теңгеден аса шығынды бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді.

Бұдан басқа, "Жайықмұнай" ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне түзету жүргізілді, қосымша есептеуге корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 миллион теңге болды, қазір өтеу сатысында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек