Ақтөбе облысында екі ер адам адасып кеткен

Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында екі ер адам адасып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қаңтарда Тәңірберген ауылынан Сарыжар ауылына жеңіл көлікпен бағыт алған 2 адам бағытын жоғалтып алған. Құтқарушылар мен полицияның күшімен 1961 және 1969 жылы туған екі ер адам сағат 00:45-те Сарыжар ауылынан 5 шақырым қашықта аман-есен табылды.

"ТЖМ ауа райын қадағалауға, көлік қозғалысына шектеу енгізілген кезде жолға шықпауға кеңес береді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада 74 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова