21 жастағы маңғыстаулыққа оқ тиді: науқастың жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына оқ тиіп, санитарлық авиациямен жеткізілген 21 жастағы науқасқа антибактериалды терапия, сиптоматикалық ем шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық аурухана баспасөз қызметінің айтуынша, зардап шеккен 2002 жылғы науқасқа сол жақ бет аймағының атылған жарақаты, төменгі жақ сүйегінің ашық сынығы, мұрын, ауыз қуысында, көз аймағының артқы жағында пытыралардың, оқ дәрілердің болуы диагнозы қойылған.

"Науқасқа алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді. Көп қан жоғалтқаннан кейінгі шок жағдайда жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қан қысымы тұрақсыз, жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алуда. Қазіргі таңда антибактериалды терапиясы, сиптоматикалық ем шаралары жүргізіліп жатыр. Жалпы жағдайы - өте ауыр", - деді облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Қойбеков.

Еске салайық, бұған дейін 21 жастағы маңғыстаулыққа оқ тиіп, жігіт ауруханаға тікұшақпен жеткізілгені туралы жарияланған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!