"20 күн ес-түссіз жатты". Жол апатына түскен фельдшердің жағдайы белгілі болды

"20 күн ес-түссіз жатты". Жол апатына түскен фельдшердің жағдайы белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz

Ақмола облысында болған жол апатынан 28 жастағы дәрігер 20 күннен астам уақыт комада жатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апатынан соң ес-түссіз жатқан фельдшер көз жұмды.

"Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы Жанар Жеңісбекқызы Бектастың туыстарына, жақындарына және әріптестеріне шын жүректен қайғырып көңіл айтады. Жол-көлік оқиғасынан біз Целиноград подстанициясы Қабанбай батыр ауылы бөлімшесінің маманы-фельдшерден айырылдық", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы