Әлемдегі ең зиян тағамдар аталды

Әлемдегі ең зиян тағамдар аталды
Фото: pixabay.com

Заманауи гастрономиялық индустрия түрлі өнімдер мен тағамдар ұсынып жатыр. Алайда олардың барлығы бірдей пайдалы емес. Eat This Not That ең зиян тағамдарды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бекон

Бекон – жиі нитриттер, натрия нитраты, натрия фофаты секілді жасанды ингредиеттер қосылатын өңделген ет. Олар қартаюдың жылдамдауына, қан тамырлардың зақымдалуына, сүт безі қатерлі ісігіне және простатаға әкеледі.

Сүтті коктейльдер (милкшейк)

Олар өте дәмді, бірақ бұл сусында құнарлы заттар жоқ екенін білу керек. Әдетте, оларға қантты көп қосады. Ал қосылған қанттың көп болуы даибет және жүрек ауруларының даму қаупін арттырады. Оған қоса, оның құрамында холестериннің артуына және жүрек проблемасына әкелетін қаныққан майлар көп.

Кофеге арналған кілегей

Кофеге арналған кілегейлердің құрамында қант, өсімдік майы, моно- және диглицеридтер секілді синтетикалық қосымшалар болады. Моноглицеридтер аз мөлшерде қауіпсіз, десе де, оларда трнасмайлар бар. Ал трансмайлар холестерин деңгейін көбейтеді, жүрек аурулары және диабеттің даму қаупін арттырады.

Диеталық газдалған сусындар

Диеталық газдалған сусындарда жасанды бояғыштар мен жасанды қанттар болады. Барлық дерлік танымал диеталық газдалған сусындардың құрамыда аспартам бар. Ол арықтауға арналып жасалынған жасанды тәттілендіргіш. Алайда оның глюкоза деңгейін арттыратыны және бауырға күш түсіретіні анықталды. Зерттеулер аспартамның қатерлі ісік қаупін арттыратынын да көрсеткен.

Дүкенде сатылатын қамыр

Дайын қамырды пайдалану уақытыңызды үнемдейді, бірақ ол денсаулыққа пайдалы емес. Кей дайын қамырларда консерванттар және маргарин болады.

Маргарин

Көпшілік маргаринде пальма майы болады. Оның құрамында қаныққан май деңгейі жоғары. Зерттеулер, пайльма майы жүрек-қан тамырлар ауруларының дамуына әсер ететінін дәлелдеген.

Сорпаға арналған текшелер

Мұндай қоспаларда да пальма майы болады.

Оқи отырыңыз: Сорпаны дәмсіз ететін 7 қателік

А. Жапатова