"Қалауым бірден орындалады". Қайрат Нұртас әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

Әнші Қайрат Нұртас Катарға барып, отбасымен қауышты. Өнер иесі әйелі Жұлдыз Әбдікәрімоваға бағалы сыйлық тарту еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұлдызды жұп Доха қаласындағы сауда орталығынан сауда жасап, қыдырып жүрген сәтін әлеуметтік желіде жариялаған. Әнші әйеліне қымбат брендтен қалаған сыйлығын, балаларына белгілі дизайнерлердің киімін сыйлады.

 "Менің қалауым бірден орындалатын сәттер осындай болады. Жақсы демалыс болды. Балалар бізге, біз балаларға еркелеп жүрміз. Балалар өсті деген осы. Бәріміз Сезімнің артынан келе жатырмыз", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз