Екібастұзда полицейлер иттің өліміне қатысты тексерісті бастады

Екібастұзда полицейлер иттің өліміне қатысты тексерісті бастады
Фото: Tengrinews.kz

Екібастұзда полицейлер иттің өліміне қатысты тексерісті бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде "Ягодка" тұрғын үй кешені маңында байлаулы тұрған Баюн атты итті біреу өлтіріп кеткені туралы хабар тарады. 

"Ол күзетші ит болған. Ешкімге тиіспейтін еді, байлаулы жатқан. 1 қаңтарда оны өлтіріп кетті", - деп жазды Желі қолданушылары.

Екібастұз полиция басқармасы аталған фактіні тіркеп, тексерісті бастады. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан