Астанада биыл қанша жабық аялдама салынады?

Астанада биыл қанша жабық аялдама салынады?
Фото: gov.kz

Астанада қашан толық жабық типтегі аядамалар салынады? 2024 жылы қанша павильон салынбақ? Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінен сұрап білді. 

Бас шаһардың аядамаларына қатысты айтылатын сын көп. Кейбір жабық типтегі аядамалар жұмысын тоқтатса, ал кейбір негізгі көшелерде жабық павильондар салынбаған. 

@altaysam остановки прекрасны! #астананурсултан #осень2023 #ноябрь2023 #дождьнаулице #ливень #остановка #автобуснаяостановка ♬ Звуки дождя. Звуки природы. Для отдыха - OMANID

Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша жабық типтегі (жылы) күту павильондарының жалпы саны 225. Олар: Алматы ауданында 53, Нұра ауданында - 32, Есіл ауданында - 41, Сарыарқа ауданында - 61, Байқоңыр ауданында - 38.

"Жабық типтегі (жылы) күту павильондары - қала аудандарының әкімдіктері берген тізімге байланысты орнатылады. Павильондар қойылатын мекенжайлар сараптама жасау арқылы анықталады. Әлеуметтік маңызы бар (білім, денсаулық және өзге де) нысандар, жолаушылар легі басты назарға алынады. 2024 жылы Басқарма 40 жабық типтегі аялдама павильондарын (әр ауданға 8-ден) орнатуды жоспарлап отыр" - деп жауап берді Көлік және жол-көлік инфрақрылымын дамыту басқармасы өкілдері. 

Жасұлан Ордабаев 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz