40 пайыз пайда алуға уәде берді - "Свой дом" қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

"Свой дом" қаржы пирамидасын құрып, басқарғандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Департамент "Свой дом" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.  Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40 пайыз пайда алуға уәде берді. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңге.

Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!