Ертіс өзенінде "жүзіп бара жатқан" жеңіл көліктің видеосы тарады

Өскемен тұрғынының көлігі Ертіс өзеніне түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 1 қаңтарда "Самал" саябағында болған. 

"Жедел құтқару жасағының қызметкерлері жағадан жүз метрдей жерде Subaru Impreza көлігін тапты. Құтқарушылар көлікті тексерді, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

ТЖД мәліметтері бойынша көлік иесі оны дұрыс қоймаған, осылайша көлік өзенге түсіп кеткен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз