"Бұрынғы күйеу балаларынан мұндайды көрмеген" - 4 баламен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан блогер

"Бұрынғы күйеу балаларынан мұндайды көрмеген" - 4 баламен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан блогер
Фото: Әлеуметтік желіден

Төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы Айдын Тоқсанбаева ата-анасы мен күйеуі арасындағы қарым-қатынас туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, күйеуі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас тіл түсінбесе де ерекше. Мұны ол отбасылық демалысқа барғанда байқаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)

"Осындай отбасылық жылы қарым қатынасты армандаушы едім. Жігітін "күйеу баламын" деп әке шешеннің барлық жағдайын жасауға тырысатын. Мен бұрын ата анамның бывшый күйеу балаларынан ондай қарым қатынасты көрмегенмін, керісінше қыз жақ болып ата анам "сендер тыныш болсандар болды" деп иіліп жүретін күйеу бала жақа.. Ал ол ешқашан бағаланбайтын, одан сайын шалқайып. Ал қазір күйеу бала шетелдік болса да, бір бірімен сөйлесе алмаса да сыйластық арқасында "осындай қыз өсірген, балаларды жеткізген сіздерге мың алғыс" деп көрсетіп жүр", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін "Бәрі ертегідегідей болды". 4 баламен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан блогер күйеуімен қалай танысқанын айтып бергені туралы жарияланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы