Метрода бейтаныс әйел пышақпен адамдарға шабуыл жасады

Метрода бейтаныс әйел пышақпен адамдарға шабуыл жасады
Фото: pexels.com

Токиода бейтаныс әйел метро вагонындағы жолаушыларға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 3 қаңтар күні метроның "Акихабара" станциясында болған. Полиция 20 мен 60 жас аралығындағы төрт адамның жарақат алғанын айтты.

Шабуыл жасаған әйел ұсталды. Ол адамдарға жасалған шабуылдың мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Бұл Токио метросында болып тұрған алғашқы шабуыл емес. 2021 жылы Хэллоуинді тойлау кезінде Джокер кейпіндегі пышақ ұстаған ер адам адамдарға шабуыл жасап, 17 адамды жарақаттады. Ол полицияға "өзін өлім жазасына кесуі үшін адамдарды өлтіргісі келгенін" айтқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан