"200 теңгеден басталды". Танымал актер бірнеше рет қомақты ақша ұрлағанын айтты

Эстрададағы танымал Меховая/1 тобының мүшесі, актер Жандос Самалбеков балалық шағындағы оқиғамен "Шәй әңгіме" youtube-бағдарламасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі анасының сөмкесінен жиі ақша ұрлағанын айтты.

"Анам дүкенге жұмсады, қалған ақшаны сөмкесіне салып қоюымды сұрады. Күніне анам көп ақша табатын. Анамның сөмкесін ашып қалсам, неше түрлі ақшаларды көрдім. Қызығып кеттім. "Мен алсам, ешкім байқамайды" деп ойладым да, 200 теңгені алып кеттім. Үш күн ешкім байқамады. Бірақ жұмсамадым. Бір аптадан соң 200 теңге тағы ұрладым. Сөйтіп, одан да мол ақшалар ала бастадым. Ал анам бәрін байқаған екен. Маған қалай жеткізерін білмеген екен. Сөйтіп, бір күні мектептен шығып, сыныптастарыма дүкеннен түрлі нәрсені алып беріп, төлеп жатқан кезде анам артымнан қарап тұр екен. Сонымен ұсталып қалдым", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!