Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің өкілеттік мерзімі туралы ақпаратқа түсінік берді

Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің өкілеттік мерзімі туралы ақпаратқа түсінік берді
Фото: Akorda.kz

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Бұл кейбір журналистердің еліміздегі жағдайдан бейхабарлығынан туындаған мәселе болуы мүмкін. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында "2026 жылы референдум өткізу арқылы Конституцияға өзгеріс енгізіп, келесі сайлауға қатысады" деген алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды. Өздеріңізге мәлім, президент 2022 жылдың қараша айында жеті жылға сайланды. Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысының өкілеттігі 2029 жылы аяқталады", - деді Берік Уәли.

Берік Уәли сонымен қатар Тоқаевтың бұған дейін президенттік өкілеттіктерді бір жеті жылдық мерзіммен шектеуді ұсынғанын еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында әлеуметтік желіде өзіне қатысты тарап жатқан "Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сайлауға түсуді жоспарлап отыр" деген қауестке жауап берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан