Жапониядағы жер сілкінісі: Тоқаев ел премьер-министріне көңіл айтты

Жапониядағы жер сілкінісі: Тоқаев ел премьер-министріне көңіл айтты
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты.

"Еліңізде орын алған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан