Қазақстанда барлық бағыт бойынша республикалық жолдар ашық

Қазақстанда барлық бағыт бойынша республикалық жолдар ашық
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

"Барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілген еді. Бұл шектеу қарлы боранға байланысты көліктің барлық түріне қатысты болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан