ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
Фото: instagram

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 қаңтарда сағат 22:20 шамасында "Өскемен-Шемонаиха" автожолының 8 шақырымында Глубокое ауданының Уварово ауылы маңында "Toyota Corona Premio" және "Toyota Vista" маркалы екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан жол апаты болған. Салдарынан 4 адам, оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі жасөспірім қаза тапқан.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

"Полиция департаменті осы қайғылы апатта қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады және жол қозғалысы қатысушыларын белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, маневр жасамауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады. Сақ болыңыз және сізді үйде күтіп отырғанын ұмытпаңыз", - делінген ШҚО ПД хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина