Ақмола облысында ақтүтек боранда 2 жылқышы жоғалып кеткен

Фото: видеодан алынған кадр

Ақмола облысында боранды күні 2 жылқышы адасып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Түрген ауылының маңында 1969 және 1966 жылы туған екі шопан жоғалып кеткен.

ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оларды іздеуге кірісті.

"Жоғалған адамдар жол талғамайтын көлікпен іздестірілді. Бір жарым сағаттан кейін олар Түрген ауылынан 15 шақырым жерден табылып, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова