Адам өлтірді деген күдікті орманнан асылған күйде табылды

Адам өлтірді деген күдікті орманнан асылған күйде табылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Адам өлтірді деген күдікті Риддердегі орманнан асылған күйде табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұған дейін іздеуде жүрген күдіктінің мәйіті 19 желтоқсанда Риддер қаласының төртінші ауданындағы орман алқабынан табылды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Суицид дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері.

Басылым мәліметінше, былтыр күзде Риддердегі көпқабатты үйлердің бірінен "зорлық-зомбылықпен өлім белгілері" бар 33 жастағы әйелдің денесі табылған еді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде адам өлтірді деген күдікті туралы ақпарат тарады. Бейресми дереккөздің айтуынша, марқұм мен 1974 жылы туған күдікті біраз уақыт бірге тұрған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек