Нәрестенің мұрны бітелгенде қалай емдеу керек?

Нәрестенің мұрны бітелгенде қалай емдеу керек?
Фото: pexels.com

Кейде жаңа туған нәрестеге суық тиіп, мұрны бітеліп қалады, салдарынан баланың тыныс алуы қиындайды. Бұдан сәбидің анасы зардап шегіп жатады. Осыған байланысты педиатр Айкерім Батырбекқызы нәрестенің мұрны бітелгенде емдеуге көмектесетін тәсілдерді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, жаңа туған сәбидің мұрын қуысы тар, жіңішке болғандықтан құрғаса тез бітіп, бырқылдап қалады. 

Ең біріншіден, баланы жиі емізіп бастау керек, өйткені ана сүті емдік қасиетке ие

Екіншіден, бала жататын бөлменің ауасын ылғалдандырып, желдетіп отыру қажет, өйткені құрғақ жерде вирус, бактерия тез көбейеді.

Үшіншіден, физиологиялық ертіндіні бір-екі тамшыдан әр мұрын қуысына күніне үш-төрт рет тамызып, тазалап отыру керек.

Төртіншіден, баланың басы кішкене басы көтеріліп тұратындай етіп, жастық қою керек, бұл тыныс алуды жақсартады.

Бесіншіден, міндетті түрде дәрігер кеңесін алған жөн. 

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер бала неліктен жастықсыз ұйықтағаны дұрыс екенін түсіндірген еді.

Тағы да оқи оытрыңыздар: Балаға қанша жаста коньки тебуді үйретуге болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә