Астанада бөтен ер адамды үйіне кіргізген әйел күтпеген жайтқа тап болды

Астанада бөтен ер адамды үйіне кіргізген әйел күтпеген жайтқа тап болды
Фото: © elements.envato.com

Астанада ер адам сүйіктісінің үйінен алтын бұйымдар ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгелік алтын бұйымдарының ұрланғанын хабарлаған. Әйел ұрлық жасаған адам қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін екенін айтқан.

Күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде пәтерге келуді ұйғарған. Кездесулердің бірінде ер адам сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ер адам ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып жіберген.

Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және жеке заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек