Көп ауыратын адамның 4 әдеті

Көп ауыратын адамның 4 әдеті
Фото: Pixabay.com

Салауатты өмір салты денсаулықтың кепілі. Алайда күнделікті әдетіңіздің кесірінен ауырып қалуыңыз мүмкін екенін білесіз бе? Бұл туралы интегративті нутрициолог, дәрігер Ұлжалғас Тұрғынбайқызы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, бұл әдеттер сізді ауруға шалдықтырады. 

  1. Тамақтанып отырып су ішу - ол астың асқазанда шіруіне әкеп соқтырады, салдарынан иммунитет төмендеп, адам көп ауырады;
  2. Тәттілерді көп жеу - құрамында ұн, қант бар тағамдарды шамадан тыс жеу иммунитетті 70 пайызға төмендетеді;
  3. Ұйқының дұрыс болмауы - ұйқы деннің сау болуында маңызды рөл атқарады, ал ұйқының қанбауы ішек флорасын бұзады;
  4. Стресстің жоғары деңгейі - ағзаға түсетін стресс ағза жұмысын нашарлатады. 

Айта кетейік, бұған дейін бауырды зақымдайтын нашар тұрмыс әдеттер хабарланған болатын.

  1. Үнемі көңілсіз жүру, ызаға булығу;
  2. Беталды дәрі ішу;
  3. Арақты көп ішу;
  4. Ұйқының жеткіліксіз болуы;
  5. Майлы тағамдарды көп жеу;
  6. Түнгі қонағасының көбеюі;
  7. Темекі тарту

Тағы да оқи отырыңыздар: 2026 Қысқы Олимпиада қай елде өтеді? 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә