2 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

2 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Көрнекі сурет: instagram.com/jambyl_tjd

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу және Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі QazAvtoJol ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Биыл 3 қаңтар сағат 11-де ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Жетісу облысында – 1 учаске:

"Үшарал-Достық" 84 – 184 шақырым, Көктұма ст. - Достық ст. – 100 шақырым.

Қарағанды облысында – 1 учаске:

"Екатеринбург – Алматы, Солтүстік – Шығыс айналма жолы" 0-16 шақырым. Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 шақырым.

Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина