"Естелік болып қалсын". Сәкен Майғазиев мүшел жасына орай оқырмандарын қуантпақ

"Естелік болып қалсын". Сәкен Майғазиев мүшел жасына орай оқырмандарын қуантпақ
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

Танымал әнші Сәкен Майғазиев мүшел жасына орай оқырмандарына сыйлық сыйламақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Мүшел жасыма байланысты 3 костюм сыйлаймын деген уәдемді бүгін орындайын. Қаншама жан неше түрлі ойын шарттарын ұсынды. 800-ден аса пікірден бөлек, мыңға жуық тыңдарман "Маған сыйға тартыңыз", "Балам өнерге ынтық, өскен соң киер", "Кимесек те естелік болып қалсын", "Тура менің өлшемім екен, мен алайын", деген сынды 500-ге тарта хабарламалар келіп түсті. Көлдей көңілдеріңізден айналып кетейін. Бұдан бөлек, сахналық емес, күнделікті киетін киімдерімді бір-екі досыма бермекпін", - деп жазған әнші парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек