Алматыда ер адам итке пышақ сұғып алған

Алматыда ер адам итке пышақ сұғып алған
Фото: egov.press Telegram арнасынан

Әлеуметтік желіде ер адам қала тұрғынына шабуыл жасап, тіпті оның итіне де пышақ сұғып алғаны туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Алматыда болған. Қалалық Полиция департаменті өкілі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерекке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлігі (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын хабарлайды. Күдікті 1987 жылы туған Б. ұсталды", - делінген хабарламада.

Күдіктінің сөзінше, иттің иесімен арадағы жанжалдың нәтижесінде иттің иесі жануардың аузындағы тұмылдырықты алып, қарсы жіберген. Күдікті осылайша өзін қорғауға мәжбүр болғанын жеткізді.

"Оқиғаның мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады", - делінген Алматы қалалық Полиция департаменті хабарламасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова