Анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жасар қыз табылды

Анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жасар қыз табылды
Фото: instagram.com/volontery_lider.kz_almobl

Анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жасар қыз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Лидер" еріктілер қозғалысының әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды. 

Еріктілер айтуынша, 2 қаңтарда сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді әйел Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шыққан. Ол қалаға жеткенде көлікте ұйықтап жатқан қызын тастап, Райымбек даңғылы бойынан түсіп қалған. 

Бүгін көлік жүргізушісі баланы полиция бөліміне әкелген. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек