Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Маңғыстауда жел күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Абай, Павлодар, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын соғып тұр. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Бірқатар өңірде көктайғақ болып, тұман түседі.

Түнде бұл облыстарда күн райына байланысты ішінара жол жабылады. Бұған дейін Төтенше жағдайлар қызметі өкілдері жолға шықпауды ескеркен болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек