"Ерте өмірден өтіп кете ме деп қорқамын...". Танымал актер келіншегінің ауыр дертке шалдыққанын айтты

"Ерте өмірден өтіп кете ме деп қорқамын...". Танымал актер келіншегінің ауыр дертке шалдыққанын айтты
Фото: Фотоскрин

Танымал актер, кішкентай блогер Аминка-Витаминканың әкесі Рамазан Малғаждар Podcast Urpaq youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, келіншегі көп жылдан бері ауырады.

"Келіншегім ауырады. Қазіргі таңда емін іздеп жүрміз. Мәскеуден дәрігер таптық. Сол жаққа екі айда бір барып тұрамыз. Бірақ дәрігер "сізде қазір критикалық жағдай, оны емдеуге бір жыл кетеді" деді. Бір дәрігердің қателігі үшін келіншегім сонша жыл қиналып жүр. Кейде өмірден ерте өтіп кете ме деп ойлаймын...Қыздарым анасының жағдайын түсінеді", - деді ол.

Актер келіншегінің орнына басқа жан іздегенін де айтты.

"Бірде қыздарымның анасының орнына келетін адам іздедім. Бірақ таба алмадым. Оның маңызын одан әрі түсініп келе жатырмын", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы