"Негізі көлікті өртемеймін". Блогер NNN көпшілікке құпиясын ашты

"Негізі көлікті өртемеймін". Блогер NNN көпшілікке құпиясын ашты
Фото: Әлеуметтік желіден

Блогер NNN көпшіліктің көкейінде жүрген көлік өртейтін әрекетінің құпиясын ашты. Ол бұл туралы "7 арна" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көпшілігі көлік өртеуді контент үшін деп ойлайды.

"Бірақ мен ең соңында ешқандай көлікті өртемеймін. Тек өртеген сияқты боламын. Содан өзім ләззат аламын. Соңында бұлай істемеу керектігін айтып, міндетті түрде ескертемін. Соңғы рет осылай жасап, 90 млн теңгені алты адамға бөліп бердім. Мұның ешқандай зияны жоқ. Барлық жағынан қауіпсіздік ережесін сақтаймын. Жалпы идеяны ТМД елдерінен аламын. Барынша Қазақстанда жасалмағанын жасап көремін",-  деді блогер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы