"Тұман, көктайғақ, бұрқасын". 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Тұман, көктайғақ, бұрқасын". 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 3 қаңтарда түнде ауа температурасының 26-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

3 қаңтарда Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

3 қаңтарда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында 3 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

3 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 3 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі.

3 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Семей қаласында 3 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

3 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласында 3 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

3 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 3 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

3 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, түнде екпіні 18 м/с.

3 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 3 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с күтіледі.

3 қаңтарда Қостанай облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай: 3 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі.

3 қаңтарда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина