Атырау облысындағы каналда балық жаппай қырылып жатыр

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Соленое каналында жаппай балық өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық экология департаменті өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді.

"2 қаңтарда Атырау облысының Жылой ауданындағы Соленое каналында балық қырылуы туралы ақпарат келіп түсті. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2024 жылғы 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орынға шықты. Ақпарат түскен сайын жаңартылады", - делінген жауапта.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз