Шымкентте Жаңа жылға қараған түні қайғылы оқиға болды: ер адам өлі табылды

Шымкентте Жаңа жылға қараған түні қайғылы оқиға болды. Жеке үйден өрт шығып, ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Өртсөндірушілер 31 желтоқсанда сағат кешкі тоғыз шамасында оқиға орнына келіп, 1970 жылы туған ер адам өлі табылғанын анықтады. 

Төтенше жағдайлар бригадасы тексеру жүргізгеннен кейін үйдің дәлізінде контрмарк пен қазандық пеш орнатылғанын анықтады. Ал пеш қолдан жасалған газ оттығымен жылытылған. Пештің жанындағы ағаш еден мен ішкі есік қалай өртеніп кеткені белгісіз.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!