Ауа райына байланысты республикадағы қай жолдар жабылды?

Ауа райына байланысты республикадағы қай жолдар жабылды?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"ҚазАвтоЖол" өкілдері ауа райына байланысты қай жолдар жабылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Республиканың орталық аймағына қарай өтетін циклонды ескере отырып, республикалық маңызы бар "Астана-Теміртау" автожолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін.

"Осыған орай, құрметті, республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, ауа-райы жайлы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, сонымен қатар көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз! Сондай-ақ, жол қызметкерлері жолды қардан тазалап, жол жиектерін қалыпқа келтіріп, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз!", - делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы бар ақпаратты "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина