Талдықорғандағы дәмханада Жаңа жылды тойлаудың соңы қырғынмен аяқталды

Талдықорғандағы дәмханада Жаңа жылды тойлаудың соңы қырғынмен аяқталды
Фото: видеодан алынған кадр

Талдықорғандағы көңіл көтеретін мекемелердің бірінде Жаңа жыл мейрамының құрметіне арналған жиынның соңы жанжал мен төбелеске ұласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрларда жастардың бір-бірін қалай ұрғаны, үстелдердің үстінен секіргені, ыдыс-аяқ және басқа да заттарды лақтырғаны көрсетілген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек 29 желтоқсанда Талдықорғанда тіркелген. Оқиға орнына жеткен жасақ жанжалға қатысушыларды қалалық полиция бөліміне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Мекеме әкімшілігі, сондай-ақ қақтығысқа қатысушылар бір-біріне арыз жазудан бас тартқан.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Адамдар тобы жасаған бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан