Тамақтан кейін шай ішу зиян ба? Дәрігер маңызды кеңестер айтты

Тамақтан кейін шай ішу зиян ба? Дәрігер маңызды кеңестер айтты
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көпшілік үшін тамақтан кейін шай ішу - бұрыннан әдетке айналған іс. Адам оның ағзаға әсерін ойламай, таңертең, түстен кейін және кешке де шай ішуі мүмкін. Гастроэнтеролог Екатерина Кашух маңызды кеңестер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктору Питер" басылымына сілтеме жасап.

Көк, қара, ақ…

Ең алдымен шайдың көп түрі бар екенін естен шығармау керек. Көпшілікке таныс қара және көк шайдан бөлек, шөптен жасалған шайдың алуан түрі, одан бөлек матча немесе пуэр сияқты экзотикалық шайлар да бар.

Кең таралған шай сорттарының ішіндегі ең пайдалысы - көк шай. Оның құрамында антиоксиданттардың көп мөлшері бар, әсіресе, қабынуға қарсы және ісікке қарсы қасиеттері бар катехиндері де бар. Көп шай ми жұмысын жақсартады, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады және салмақты реттеуге көмектеседі.

Таниндер көп болса, пайдалы емес

Көк шайдың қаупі туралы айтатын болсақ, ең алдымен таниндердің жоғары мөлшері туралы айтуға болады. Бұл - кофеинге ұқсас заттар. Таниндер аз мөлшерде болғанда ғана пайдалы, өйткені олар антиоксидант әсерге ие. Яғни жасушалардың зақымдануына қарсы күреседі және созылмалы аурулардың, соның ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен кейбір қатерлі ісіктердің даму қаупін азайтады. Алайда күрең шайды көп мөлшерде ішсеңіз, таниндер бірқатар жағымсыз әсер тудыруы мүмкін: ұйқысыздық, жүрек қағысының жоғарылауы. Сондықтан түстен кейін қою шай ішпеген жөн.

Қандай шай зиян?

Шайды тым көп мөлшерде, яғни күніне 3-5 кеседен артық ішсе немесе ол қатты қайнатылған жағдайда зиян болуы мүмкін. Сондай-ақ, жасанды хош иісті қоспалары бар шайды сатып алмаған жөн. Өйткені ұзақ уақыт қолданған кезде олар аллергия, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы және басқа да проблемаларды тудыруы мүмкін.

Шай ішудегі қате

Ең жиі кездесетін қатенің бірі - тәттілермен, балмен немесе қантпен шай ішу және оны тағам деп санамау. Кәмпит немесе тоқашпен бір кесе тәтті шай ішу калориясы бойынша кешкі аспен бірдей болуы мүмкін.

Қоспалардың пайдасы туралы

Көбі лимон, жалбыз немесе жидектерді шайға қосады, өйткені бұл ағзаға пайдалы болады деп ойлайды. Алайда мұндай қоспалардың пайдасы аз. Мысалы, С дәрумені ыстық суда тез бұзылады.

Сүт қатқан шай туралы

Кейбір отбасылар сүт қатқан шай ішуді әдетке айналдырған. Мұндай комбинацияның да ағзаға ерекше пайдасы жоқ. Салмақ тастау үшін диета ұстайтын адамдар сүттің, әсіресе, майлы сүттің қосымша калория көзі екенін есте ұстаған жөн.

Тамақтан кейін шай ішу зиян ба?

Тамақ жегеннен кейін бірден шай ішу зиян деген пікір ғылыми зерттеулер бойынша расталмаған. Сусын асқазан сөлін сұйылтпайды және ас қорыту процесінде оның тиімділігін төмендетпейді. Сондықтан бұл тұста қалауыңыз бен әдеттеріңізге назар аударған жөн.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова