Жаңа жыл қарсаңында инфарктқа әкеп соғуы мүмкін белгілер аталды

Жаңа жылдық демалыста күн тәртібі, тамақтану реті бұзылған кезде ағзаға үлкен күш түсуі мүмкін. Бұл кезде бауыр мен асқазан ғана емес, жүрекке де әсері тиеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Бір жыл бойы адамның әдеттегі күн режимі болуы мүмкін. Жұмысқа бару үшін шамамен бір уақытта ұйқыдан ояну, таңғы ас ішу, түскі ас ішу, жаттығу жасау, демалу, ұйықтау. Ал мереке кезінде рационға майлы әрі калориялы тамақ қосылады, оның үстіне беймезгіл ұйықтауыңыз да мүмкін.

Америкалық жүрек қауымдастығының ғалымдары бірнеше жыл ішінде инфаркт статистикасын зерттеді. Ең көп инфаркт мереке кезінде болады екен. Олардың пікірінше, адамда жүрек патологиясының даму қаупі болса, онда мереке күндері жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, инфаркт мына белгілерден көрінуі мүмкін:

  • әлсіздік;
  • бас айналу,
  • қатты мазасыздық;
  • терлеу;
  • ентігу.

Көбі бұған күйзеліс пен уақытылы ұйқы жоғынан мән бермейді, сондықтан дәрігерге бармайды. Ал уақытылы шара қолданбаса, бәрі күрделеніп кетуі мүмкін. Жүрек айнуы, кеудедегі ауырлық cезілсе және сол қолыңыз ауырса, мүмкіндігінше тезірек жедел жәрдем шақырыңыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!